Петропавлдағы өрт кезінде 23 жастағы жігіт жапа шекті

АСТАНА. 23 сәуір. ҚазАқпарат - Петропавлда өрт кезінде 23 жастағы ер адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚР ТЖМ сайты.
None
None

Кеше облыс орталығындағы Воровский көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйдің шаруашылық нысаны отқа оранды. Тілсіз жау сағат 17.03-те ауыздықталды. Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Солтүстік Қазақстан облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің 15 маманы мен 4 техникасы жұмылдырылды.

Жалын 81 аумақты шарпыды. Өрттен зардап шеккен 23 жастағы жігіт ауруханаға жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар