Петропавлдықтар Игорь Нанаев соққыға жығылған жерге гүл қойып, шырақ жақты

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавл тұрғындары баскетболшы соққыға жығылған жерге гүлдер әкеліп қойып, шырақ жақты, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Қазанның 2-сінен 3-іне қараған түні Игорь Нанаев соққыға жығылған қаланың мәдениет және демалыс паркіндегі көңіл көтеру клубына бүгін қала жастары жиналды. Олар қайғылы оқиға орнына гүлдер, шырақтар, фотосуреттер мен баскетбол добын әкелді. Олардың арасында Игорьмен жақын таныс болғандар өте аз. Бірақ, әрқайсысы кінәлілер әділ жазасын алады деп үміттенеді.

null 

Естеріңізде болса, баскетболшы Игорь Нанаев түнгі клубта болған төбелес кезінде ауыр жарақаттар алған. Жансақтау бөліміне алып келгенде оның бас сүйегі мен ішкі мүшелеріне қатты зақым келгендігі анықталды. 10 қазан күні спортшы есін жимастан қайтыс болды.

СҚО ІІД ресми ақпаратына сәйкес, 21 жастағы жұмыссыз ер адам күдікті ретінде ұсталды және екі ай мерзімге уақытша ұстау абақтысына қамалды. Тергеу жүріп жатыр.

Игорь Нанаев қыркүйек айында Өскемен қаласынан Петропавлға, ҚР Чемпионатының Жоғары Лигасында жергілікті «Барыс» баскетбол клубы сапында ойнау үшін келген. Спортшыны жерлеу рәсімі бүгін туған қаласында өтеді.

Соңғы жаңалықтар