Петропавлдықтар кәсіби боксшы Жанат Жақияновты қарсы алды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавл темір жол вокзалында солтүстікқазақстандықтар салтанатты түрде атақты кәсіби-боксшы Жанат Жақияновты қарсы алды.
None
None

«Үйге жеңіспен оралғаныма қуаныштымын. Қазір WBC рейтингісінде бірінші орынға шықтым. 2015 жылы әлемдік сында бағымды сынаймын деп ойлаймын», - деді Ж.Жақиянов.

Еске сала кетейік, Жанат Жақиянов жеңіл салмақ дәрежесінде (53,5 келіге дейін) кәсіби рингтегі 25-ші жекпе-жегінде жеңіске жетті. 30 жастағы Жанат Жақиянов 28 жастағы филиппиндік боксшы Роберто Лериомен кездесті. Жекпе-жек Австралияда өтті. Онда отандасымыз екінші раундта қарсыласын нокаутқа жіберген болатын.

Соңғы жаңалықтар