Петропавлдың әскери прокуратурасы 2010-2020 жылдарға арналған мемлекеттік құқықтық саясат тұжырымдамасының ережелерін талқылады

Петропавл гарнизоны әскери басқару және қылмыстық тергеу органдарының өкілдері отырыс барысында қылмыстық-процессуалдық құқық дамуының басымдығын егжей-тегжейлі талқылады, деп хабарлайды әскери прокуратураның баспасөз қызметі.
Жаңа жылдан бастап елдің нормативтік-құқықтық саясатын жаңарту күшіне енеді. Мемлекет басшысының Жарлығымен 2009 жылғы тамызда алдағы он жылдағы құқықтық саясатты айқындайтын ұлттық құқықтық жүйені дамыту және нығайту бағдарламасының жаңа кезеңін ашатын Тұжырымдама қабылданған болатын.
«Дөңгелек үстел» қатысушыларының алдында сөз сөйлеген Петропавл гарнизоны әскери прокуроры, әділет майоры Дінбаян Мұханбетқалиев Құқықтық саясат тұжырымдамасында жазылған заңнамалық жаңалық түрлерінің талқылануына тоқталды. Әскери прокурордың атап айтқанындай, Тұжырымдамада құқық қорғау органдары қызметтеріндегі басым бағыттардың бірі ретінде қылмыстық құқықты дамытуға айрықша көңіл бөлінген. Онда қылмыстық заңнаманы одан әрі жетілдірудің жолдары анық айқындалған.
«Дөңгелек үстел» отырысында ұйымдасқан топтар мен қауымдастықтардың қызметтеріне қатысты мәселелер қозғалды.