18:15, 28 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Петропавлдың бейнелеу өнері мұражайында «Іңкәрліқ пәлсапасы» атты халықаралық көрме ашылды
ПЕТРОПАВЛ. Желтоқсанның 28-і. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Жаңа жыл қарсаңында Петропавлдың бейнелеу өнері мұражайында «Іңкәрліқ пәлсапасы» атты халықаралық көрме-конкурс ашылды. Оны «Коперник» облыстық Польша мәдениет орталығы ұйымдастырды.

Оған Қазақстаннан, Польшадан және Италиядан келген 90-нан астам авторлардың бейнелеу, графика және декоративтік-қолданбалы өнер мәнерінде орындалған жұмыстары ұсынылған.
Жобаның авторы және жетекшісі облыстық Польша мәдениет орталығы төрағасының орынбасары Валентина Корневаның айтуынша, польшалық мәдениет орталығы бұған дейін де бірнеше көрмелер ұйымдастырған. Іс-шараның мақсаты - жастарды рухани проблемаларға тарту, шығармашылықтың көпқырлылығын көрсету, ұлтаралық мәдени байланыстарды сақтау және нығайту.