Польша кәсіпкерлері Оңтүстік Қазақстан экономикасына қаржы құяды
Тараптар ОҚО жер аумағында бизнесті бірлесе дамыту мәселелерін талқылады.
Польша тарабының өкілі оның елінің бизнесмендері ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, білім мен мәдениет саласында ынтымақтастық орнатуға дайын екендігін мәлімдеді. Нақтырақ айтсақ, олар облыс аумағында шағын фармацевтикалық зауыт салу ниеті жайлы айтты. Б.Оспановтың айтуынша, поляк тарабы жергілікті шикізатты пайдалану арқылы ерітінді жасауды, кейін оның шығарылу ауқымын кеңейтуді жоспарлап отыр. Кәсіпорынды ашу процесін жеңілдету үшін ОҚО басшылығы Шымкенттің өндірістік аймағында салынып жатқан медициналық препараттар шығаратын зауытты жалға алу туралы ұсынысты жеткізді. «Ешқандай шартсыз, кейін меншікке сатып алусыз біз сіздерге нысанды жалға береміз. Барлық инфрақұрылым мемлекет тарапынан шешіледі. Осының арқасында сіздер жер сатып алу мәселесіне тірелмейсіздер», - деді ОҚО әкімінің бірінші орынбасары Берік Оспанов.
Польша Республикасының өкілдері екі елдің ЖОО арасында алмасуды ұйымдастыруға, сонымен қатар ОҚО аумағында поляктық-қазақстандық балабақша ашуға да дайын.