Польша компаниялары ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық шараларына атсалысуға дайын

АСТАНА. ҚазАқпарат - Польша компаниялары ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық шараларына атсалысуға дайын. Бұл туралы бүгін Қазақстан-Польша экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының 6-шы отырысы аясында ұйымдастырылған брифингте ҚР Сыртқы істер министрі Рәпіл Жошыбаев мәлім етті.
None
None

Оның атап өтуінше, бүгінгі отырысы барысында Польша делегациясына елордада 2017 жылы өтетін ЭКСПО көрмесіне дайындық барысы таныстырылды.

«Өздеріңізде білетіндей, Польша алғашқы елдердің бірі болып Қазақстанның бастамасына қолдау білдірген еді. Көптеген польяк компаниялары осынау мәртебелі халықаралық іс-шараға дайындыққа және оны өткізуге белсенді атсалысуға әзір екендіктерін білдіруде», - деді ол.

Р.Жошыбаевтың айтуынша, Польша Министрлер кеңесі төрағасының орынбасары, Экономика министрі Януш Пехочиньски Қазақстанға сапары барысында ҚР Үкімет басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевпен, Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевпен кездесу өткізді.

«Сонымен қатар Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев мырзамен кездеседі»,- деді сыртқы істер министрінің орынбасары.

Соңғы жаңалықтар