Польша президенті ҚР СІМ басшысының орынбасарын Еңбек орденімен марапаттады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Польшаға сіңірген еңбегі үшін орденімен Бронислав Коморовский ҚР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рапиль Жошыбаевты марапаттады.
None
None

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстандық-польшалық үкіметаралық комиссияның тең төрағасы, ҚР сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рапиль Жошыбаев Польша Республикасының Президенті Б. Коморовскийдің қаулысымен польшалық-қазақстандық экономикалық ынтымақтастықты дамытуға үлес қосқаны үшін Польшаға сіңірген еңбегі үшін орденімен марапатталды», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Рапиль Жошыбаев сондай-ақ, ЭКСПО-2017 комиссары болып табылады.

Соңғы жаңалықтар