Польшада «Қазақстан киносының күндері» өтуде

АЛМАТЫ. 15 қараша. ҚазАқпарат - Польшада кеше «Қазақстан киносының күндері» басталды.
None
None

Ол 19 желтоқсанға дейні созылмақ. «БАРС» қазақстандық жастар қоғамы ұйымдастырған бұл шара «Польшадағы Қазақстан мәдениеті» жобасы аясында өтуде. Онда Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген Ф. Шәріповтың «Қызғылт қоян туралы аңыз», С. Нарымбетовтің «Мұстафа Шоқай», А. Сатаевтың «Жоюшы», С. Тәуекелдің «Жерұйық», Р. Әбдірашевтың «Балалық шағымның аспаны» мен ALDONGAR Productions кинокомпаниясында өндірілген Р.Әбдірашевтың «Сталинге сыйлық» фильмдері көрермен назарына ұсынылмақ. Бұл шығармалар 14-16 қарашада Варшавада,  20-22 қарашада Познаньда, 7-13 желтоқсан Краковта, 17-19 желтоқсанда Лодзьда көрсетіледі деп жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар