Польшаның Силезия воеводствосы Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық танытып отыр
«Біз сіздердің елдеріңіздің даму қарқынының жоғары екендігіне қуаныштымыз, қазақстандық аймақтармен қарым-қатынас орнатуға мүдделіміз», деді М.Секула 5 маусымда Катовице қаласында ҚР елшісі Ерік Өтембаевпен кездесуі кезінде.
Осыған орай М.Секула Қазақстан және Польша аймақтарының бірінші форумын ұйымдастыру идеясына қолдау білдіретінін айтты.
Силезия воеводствосы Польшаның халық көп шоғырланған, индустриалды дамыған аймақтарының бірі. Ұзақ уақыт бойы оның экономикасының негізін көмір өндірісі құраса, соңғы жылдары өнеркәсіптің жоғары технологиялық салаларын дамытуда да айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізген. Қазақстанмен ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары ретінде маршалек М.Секула тау шахталы жабдығын өндіру, көмір өндіру жұмыстары кезінде қауіпсіздікті сақтау, медицина, ғылым және білім, көлік және логистиканы атап өтті.
Қазақстандық дипломат М.Секуланы «Қазақстан-2050» Стратегиясының негізгі ережелерімен таныстырды. Елде жүзеге асырылып жатқан жергілікті өзін-өзі басқару реформасын әзірлеу барысында Польшаның да тәжірибесі қолданылған. Сондай-ақ, ол ҚР үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы және онымен байланысты инвестиция құюға поляк кәсіпкерлері үшін Қазақстан индустриясының перспективалық салаларына тоқталып кетті.
Әңгіме соңында маршалек воеводствоның іскер тобын бастап Қазақстанға келуге шақырту алды, сонымен қатар қыркүйек айында Катовице қаласында өтетін Еуропалық шағын және орта бизнес конгресіне қазақстандық өкілдердің де қатысатына тілек білдірді.