Полицей қағып кеткен велосипедші қайтыс болды - Қарағанды облысы
«Жол-көлік оқиғасы қыркүйектің 22-сі күні түнгі сағат 1-лерде «Қарағанды-Шахтинск» тас жолында, тау машиналары зауытының маңында болды. «Фольксваген-Пассат» көлігін айдап келе жатқан 36 жастағы полицей велосипедпен келе жатқан 18 жастағы бозбаланы қағып кетті», деп хабарлады басқармадан.
Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалы жүргізілуде. Дегенмен басқармадағылар, полиция қызметкеріне қатысты қандай тыю шара қабылданғаны туралы айтуға қиынсынып отыр.
Бұл ағымдағы аптада полиция қызметкерлері қатысқан екінші жол апаты. Қарағанды Ішкі істер басқармасы уақытша оқшаулау абақтасының басшысы дүйсенбі күні «Алматы-Екатеринбор» тас жолында 19 жастағы мотоциклшыны қағып кетті. Зардап шегуші реанимацияға ауыр жағдайда жеткізілді. Алдын-ала долбар бойынша, жол-көлік оқиғасына негізгі жолмен келе жатқан автокөлікке жол бермеген мотоциклшы кінәлі.