11:15, 29 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Полицейлер қостанайлық мектептерде 800-ден астам дәріс оқыды
ҚОСТАНАЙ. Қыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Қостанайлық полицейлер «Полиция және мектеп» акциясының аясында облыстың білім ошақтарында 800-ден астам дәріс және әңгімелесулер өткізді.
Қостанай облысы Ішкі істер департаментінің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімнің басшысы Александр Пороховойдың айтуынша, оқушылар арасында жүргізілген мониторинг бүгінгі өскелең ұрпақты толғандырып отырған басты мәселелерді анықтауға мүмкіндік берді.
«Жасөспірімдерді олардың құқықтары ойландырады. Олар неліктен кешкі мезгілде көшеде немесе ойын-сауық орындарында жүруге болмайтындарын, қай жастан бастап мопедке отыруға болатынын, көшеде полиция қызметкері тоқтатса, не істеу керек екенін білгісі келеді», дейді А.Пороховой.
Кездесулер мен әңгімелесулердің барысында оқушылардың барлық сауалдарына жауап берілді.