Полицейлер қылқан жапырақты ағаштардың заңсыз кесілуімен күресуде

АҚТӨБЕ.  Желтоқсанның   24-і. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Жаңа жыл  мерекесі    қарсаңында полицейлер     қылқан жапырақты   ағаштарды   заңсыз  кесу  және  сатуға  жол бермеуге,  орын  алған   фактілерді    анықтауға    бағытталған    рейдтер жүргізуде.
None
None

 Мысалы,   ойылдық  полицейлер  кеше    9 қарағайды  заңсыз  кескен   жергілікті  тұрғынды  ұстады.

Облыстық  ішкі істер  департаментінің баспасөз қызметінен  хабарлағандай,   Ойыл  аудандық    ішкі істер  бөлімінің  қызметкерлері    жұмыссыз 36 жастағы  азаматты  ұстады.   Әлгі   ер азамат   Қаратау  және  Екпетау    кенттерінің     маңындағы   орман шаруашылығынан   9  қарағай кескен,  сөйтіп    қоршаған ортаға  174 960 теңге соманың    зиянын  келтірген.    Оның айтуынша,   ағаштарды  ол    мереке күндері  сату  үшін кескен.

Осы факті  бойынша   қылмыстық  іс  қозғау      туралы мәселе    шешілуде.

Соңғы жаңалықтар