Полицейлер мен жекеменшік күзет құрылымы әріптестік туралы меморандумға қол қойды - Ақмола облысы

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында полицейлер мен жекеменшік күзет құрылымы әріптестік туралы меморандумға қол қойды.
None
None

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Ақмола облыстық ІІД күзет қызметін бақылау бойынша бөлім мен жекеменшік күзет құрылымы, бір орталықтандырылған бейнебақылау оператор-фирмалары басшыларының кездесуі өтті.

Онда мемлекеттік емес күзет қызметі субъектілерінің ішкі істер органдарымен тығыз байланысы, аймақтағы күзет нысандарында әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтарды болдырмау, алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті нығайту мәселелері сөз болды.

«Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде полициямен бірге жекеменшік күзет құрылымдарын тарту ішкі істер органдарының қылмысты алдын алуда мобильдігі мен жеделдігін арттырады», - дейді Сәкен Әбілмәжинов.

Еске сала кетейік, бүгінгі күні Ақмола облысы аумағында күзет қызметінің 137 субъектісі қоғамдық тәртіпті сақтауға үлес қосып келеді. Олардың ішінде 43 филиал және 94 жекеменшік күзет ұйымдарында барлығы 3 мың адам еңбек етіп, 640 нысанның қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.

Сонымен қатар, облыста 21 бір орталықтандырылған бейнебақылау оператор-фирмалары жұмыс істейді. Олар 2 мыңнан астам нысан мен 601 пәтерге бейне бақылау жүргізеді.

Соңғы жаңалықтар