08:50, 07 Тамыз 2012 | GMT +5
Полицейлер психикалық-неврологиялық диспансерде де, сауда үйінде де жарылғыш заттарды анықтаған жоқ - Павлодар
ПАВЛОДАР. 7 тамыз. ҚазАқпарат - 5 тамыз күні түсте павлодарлық полиция қызметіне ұялы телефон арқылы белгісіз біреу хабарласып, психикалық-неврологиялық диспансеріне және «Манақбай» сауда үйіне жарылғыш заттар орнатылғанын айтқан.

Алайда бұл хабар жалған болып шықты, жарылғыш заттар анықталған жоқ.
Терроризм актісі туралы жалған хабарлама тарату күдігімен 29 жастағы жергілікті тұрғын, ІІІ топтағы мүгедек, бұрын ҚР ҚК-нің 242 бабымен сотталған азамат ұсталды.
Қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған ер адам психикалық-неврологиялық диспансерге жатқызылды.