Полицейлер тәжірибелік сабақтар кезінде ерекше қызығушылық танытты

АСТАНА. 26 қыркүйек. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің базасында таяу күндері «ІІО қызметкерлерінің кәсіби-психологиялық даярлығы» тақырыбында полиция қызметкерлерінің арнайы біліктілікті арттыру курстары өткізілді.
None
None

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, полиция қызметкерлері «Қасиет» ЖШС-нің психологы Айқын Дюсембаевтың дәрісіне ерекше қызығушылықпен, ынтамен қатысты. Тренингте ғылыми фильмдер көрсетіліп, психологиядан әдістемелік оқу құралдары, әдебиеттер таратылды.

Қызметкерлер тәжірибелік сабақтар кезінде ерекше қызығушылық танытты. Атап айтсақ, Глубокий АІІБ аға тергеушісі Дархан Даулеткаиров, Шемонайха АІІБ жедел уәкілі Мұрат Тоқжігітов, Өскемен қ. ІІБ криминалисті Асел Демеуова, Семей қ. ІІБ жедел уәкілі Саят Сартов, Семей қ. ІІБ жедел уәкілі Тимур Кажекеновтар ерекше белсенділік көрсетті.

Курс аяталғаннан кейін барлық қатысқан 23 қызметкерге сертификат берілді. Полиция қызметкерлерінің арасында психология бойынша білімді арттыруға бағытталған мұндай шараларды өткізу нәтижелі болмақ. Өйткені полиция қызметкерлері өздерінің кәсіби қызметтерінде әсіресе, қылмыскелермен, қиын жасөспірімдермен жұмыста адамның іс-әрекетінің, мінез-құлқының, жүріс-тұрысының барлық қыр-сырын білулері қажет.

Соңғы жаңалықтар