Полицейлер жүйке ауруымен ауыратын адамдарға қару ұстауға рұқсат беріп келген - Қарағанды прокуратурасы
Бұл жағдай Октябрь аудандық прокуратурасы жүргізген тексерудің нәтижесінде анықталып отыр.
«Тексеру барысында, 1999 жылы облыстық жүйке аурулары диспансерінің есебінде тұрғанына қарамастан, К. деген азаматтың 2002 жылы қару ұстауға рұқсат алғаны анықталды. Басқа жаққа көшуіне байланысты ол диспансердің есебінен шығарылады да, оның жаңа мекен-жайы белгісіз болып қалады. Осылайша, полиция қызметкерлері ол азаматтың жүйке аурулары диспансерінде есепте болғанын жеті жыл бойы білмей келген», - делінген прокуратураның хабарламасында.
Сондай-ақ, прокуратура 2006 жылдың қазан айынан бері жүйке аурулары диспансерінде есепте тұрған М. деген азаматқа қару ұстауға берілген берілген рұқсатнаманың 2008 жылдың ақпан айына дейін ұзартылу фактісін де анықтап отыр. Және мұндай фактілер бұл екі фактімен шектелмейді, дейді прокурорлар.