Полиция Қарағандының көлік базарының қасында болған, екі ер адам жарақаттанған атыстың мән-жайын анықтап жатыр

ҚАРАҒАНДЫ. 5 наурыз. ҚазАқпарат - Қарағандының көлік базарының қасында атыс болып, соның салдарынан екі ер адамға оқ тиіп, ауруханаға жеткізілді.
None
None

 Бұл туралы Қарағанды облысындағы ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

 Полицияның ақпараты бойынша, оқиға жексенбі күні сағат таңертеңгі 9-да болған. «4 наурыз күні Қарағандының Штурманская көшесінде орналасқан көлік базарының қасында белгісіз біреулер 24 және 25 жастағы екі ер адамға анықталмаған қарудан оқ атып, іздерін суытты. Жарақаттанғандар ауруханаға жеткізілді», - дейді облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіндегілер.

 «Жедел жәрдем» қызметінен хабарлағандай, жәбірленгендердің біреуінің ішіне, кеудесіне, иығы мен жамбасына оқ тиген, екіншісі бет мен жамбас жарақаттарын алған. Дәрігерлер зардап шеккен азаматтардың бірінің жағдайын ауыр деп бағалайды. Екіншісінің жағдайы қанағаттанарлық.

 Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция алдын ала бұл қылмысты ҚР ҚК-нің 257 бабының 3 бөлімі - оқпен атылатын қаруды қолдану арқылы жасалған бұзақылыққа жатқызып отыр.

Соңғы жаңалықтар