Полиция қызметкерлері жаңа туған нәрестені ұрлап кеткен ОҚО тұрғынын тұтқындады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Полиция қызметкерлері жаңа туған нәрестені ұрлап кеткен ОҚО тұрғынын тұтқындады, деп хабарлайды Көліктегі ІІД баспасөз қызметі.
None
None

Жедел-іздестіру шаралары барысында Көліктегі ішкі істер департаментінің Ұйымдасқан қылмысқы қарсы күрес басқармасы өзге де құқық қорғау органдарымен бірлесіп, 36 жастағы Оңтүстік Қазақстан облсының тұрғынын ұстады.

Тексеру барысында аталған азаматтың 2015 жылдың қаңтарында Өзбекстан Республикасының азаматшасынан қорқыту арқылы жаңа туған нәрестені сату мақсатында ұрлап әкеткендігі белгілі болды.

Департаменттің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел әрекетінің арқасында аталған қылмыс дер кезінде ашылып, жолы кесілді.

Ұрланған баланың қайда екендігі анықталды.

Ұсталған азаматтың үстінен ҚР ҚК-нің 125-бабының 2-бөліміне (Адамды ұрлау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты «бұлтартпау шарасы» қолданылды.

Соңғы жаңалықтар