Посткеңестік кеңістіктегі мемлекеттердің ішінде адам құқықтарына қатысты жағдай Қазақстанда ғана көңіл толтырарлықтай - Е. Ерімбет

АСТАНА. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Посткеңестік кеңістіктегі мемлекеттердің ішінде адам құқықтарына қатысты жағдай Қазақстанда ғана көңіл толтырарлықтай.
None
None

Бұл туралы бүгін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен елдегі қылмыстық-атқару жүйесінің қызметіне байланысты баспасөз мәслихатын өткізген Әділет министрлігінің ресми өкілі Ерболат Ерімбет мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның сөзіне қарағанда, ағымдағы жылдың наурыз айында Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі арнайы кеңесінің 13-ші сессиясында азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын және ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлері мәселелері жөніндегі арнайы баяндамашысы Манфред Новактың Қазақстанда болған сапарының қорытындысы жарияланған.

«Баяндамашы өзінің қорытындысында елде азаптау әрекеттерінің алдын алу мен онымен күреске қатысты мәселелерді шешуде айтарлықтай ілгері қадамдар жасалғандығын айтты. Новак мырза қылмыстық жазасын өтеу орындарындағы жағдай аталмыш мекемелер Әділет министрлігіне берілген 2002 жылдан бастап, біршама жетіліп қалғандығын өз көзімен көріп қайтты», деді ресми өкіл.

Ол келтірген мәліметтерге қарағанда, бүгінде елде 75 түзеу мекемелері, 19 тергеу оқшаулағышы, 218 қылмыстық атқару инспекциясы, 21 филиалы бар 3 «Еңбек» республикалық, мемлекеттік кәсіпорыны және бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтарды бейімдеуге бағытталған 2 орталық бар. Сәуір айының 5-іне дейінгі мәліметтер бойынша онда 62 мың 164 сотталғандар мен күдікті ретінде қамауға алынғандар болған. «Қылмыстық атқару жүйесінің өкілдері бас бостандығынан айыру орындарында қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жүзеге асырып отырады. Мысалы ағымдағы жылдың наурыз айының 20-сы мен 26-сы аралығында «Қадағалау» республикалық шарасы жүргізіліп, оның барысында 280 қамауда ұстау тәртібін бұзу әрекеті анықталды. Сондай-ақ түрмелерге жіберілу қажет 233 мың 600 теңге мен 345,7 литр спирт, 2 мың 259 грамм есірткілік заттар және 193 ұялы байланыс құралдары тәркіленді», деді Е.Ерімбет.

Соңғы жаңалықтар