PR ешқашан да мемлекеттің немесе биліктің қоғаммен, азаматтармен тікелей қарым-қатынасын, нақты саяси үдерісті ауыстыра алмайды - Ерлан Қарин
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"PR қаншалықты кәсіби деңгейде ұйымдастырылса да, қаншалықты мамандандырылған кәсіби ұйымдар қатыстырылса да ол шын мәнінде нақты саяси үдерісті, нақты саяси пікір алмасуды ауыстыра алмайды. Шетелдік бағытта Қазақстанның жағымды имиджін қалыптастыру үшін тек қана беделді басылымдарда мақала жариялау жеткіліксіз. Ол үшін сол шетелдік орталарда қоғамдық пікірді, саяси пікірді қалыптастыратын орталармен жұмыс істеу керек. Сарапшылармен, мемлекеттік қайраткерлермен және тағы басқалармен. Пікір солай қалыптасады», дейді саясаттанушы Ерлан Қарин.
Оның айтуынша, бұл сыртқы имидж саясатында емес, сонымен қатар ішкі имидж саясатында да орын табуда. Бізде көбіне-көп белгілі бір нәрселерге, басымдықтарға мемлекеттік басылымдарда үлкен-үлкен мақалалар жарияланады. Әрине, ол керек. Бірақ PR ешқашан да мемлекеттің немесе биліктің қоғаммен, азаматтармен тікелей қарым-қатынасын, нақты саяси үдерістерді ауыстыра алмайды. Өкінішке орай, бізде сондайға ұмтылыс бар.