Прагада Қазақстан елшісі Қызыл Армия жауынгерлері мемориалдарына гүл қою салтанатына қатысты

АСТАНА. Мамырдың 11-і. ҚазАқпарат - Прагада Қазақстан Республикасының елшісі Анарбек Қарашев ТМД елдері дипломатиялық миссиялары басшыларымен, Чех Республикасы мемлекеттік органдарының өкілдерімен бірге Мамырдың 9-ында «Ольшаны» прагалық бейітінде Қызыл Армия мен чех жауынгерлерінің мемориалдарына гүл шоқтарын қойды, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.
None
None

Шараға соғыс ардагері, Чехословакияны азат ету үшін болған ұрыстарға қатысушы Қанатай Темірбекұлы Тоқабаев қатысты.

Қазақстан елшілігінің шақыруымен Прага мен Братиславада Кеңес Одағының Батыры Мәжит Жүнісов пен қатардағы жауынгер Витен Әбішевтің туыстары келді, олар Чехословакияны азат ету жолындағы ұрыстарда қаза тапқан өздерінің аталары мен әкелерінің бейітіне қазақстан жерінен әкелген бір уыс топырақ салды.

Гүл қою рәсімі аяқталғаннан кейін Қазақстан елшісінің резиденциясында Әзірбайжан, Беларус, Молдова, Ресей, Украина дипломатиялық миссиялары басшыларының, соғыс ардагерлерінің, Қазақстан мен Чехия қорғаныс ведомстволары өкілдерінің қатысуымен мерекелік қабылдау болды.

Соңғы жаңалықтар