Прагада Қазақстан мен Чехия сыртқы істер министрліктері арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды

АСТАНА. Желтоқсанның 22-сі. ҚазАқпарат. Прагада ҚР СІМ жауапты хатшысы  Рапил Жошыбаев Чех Республикасы ішкі істер министрі  Мартин Пецина және осы елдің сыртқы істер министрінің орынбасары  Хелена Бомбасовамен келісссөздер өткізді,
None
None

деп хабарлады СІМ баспасөз қызметінен.

Кездесу барысында тараптар екіжақты қатынастың түрлі салаларының перспективасы, екі ел азаматтарының қатынасын жеңілдету және келісімдік-құқықтық базаны кеңейту  мәселелері туралы пікір алмасты.

Чех жағы реадмиссия және ішкі істер органдары арасындағы өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюға қызығушылықтарын білдірді.

Келіссөздер нәтижесінде сыртқы істер министрліктері арасында келісімдік-құқықтық базаны кеңейту және кейбір салалардағы ынтымақтастықты ілгерілету жөніндегі Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Соңғы жаңалықтар