Премьер-Министр Ақтөбенің азық-түліктік белдеуімен танысты

Бүгінгі таңда облыс орталығы негізгі тамақ өнімдерімен толық қамтамасыз етілген, астықпен қамтылу көрсеткіші нормадан 2 есеге асса, етпен қамтылу көрсеткіші - 142 пайызды, сүтпен - 134 пайызды, өз өндірісіндегі жұмыртқамен қамтылуы - 133 пайызды, картоппен қамтамасыз етілу көрсеткіші 145 пайызды құрап отыр.
Үкімет басшысының назарына сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешеннің астық, ет, сүт, көкөніс және өсімдік майы сияқты бес негізгі факторлары бойынша ауқымды материалдар таныстырылды. Ойын-сауық кешенінің фойесінде аталмыш кластерлерге кіретін шаруа қожалықтары мен серіктестері өндіретін өнім үлгілерінің көрмесі ұйымдастырылды.
Премьер-Министр ойын-сауық орталығында тамақ өнімдерінің бағасымен танысты.