10:25, 15 Қараша 2012 | GMT +5
Премьер-Министр Байқоңыр қаласына келді - Қызылорда облысы
ҚЫЗЫЛОРДА. 15 қараша. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Байқоңыр қаласына келді.
Үкімет басшысы бастаған қонақтарды облыс әкімі Болатбек Қуандықов, Президенттің «Байқоңыр» кешеніндегі арнайы өкілі Сәбит Қожаметов күтіп алды.
Мәртебелі меймандар осы жерден Байқоңыр қаласындағы В. Н. Челомей атындағы халықаралық ғарыш мектебіне қарай бет алды. Бұл - 1990 жылы қанат қаққан оқу орны. Онда бүгінде 552 оқушы оқиды. Білім мекемесі 3 бағытта жұмыс жасайды. Бағыттар физика-математикалық, химия-биологиялық және аэроғарыштық салаларды қамтиды.