Премьер-Министр денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру бағдарламаларын өзара байланыстыруды тапсырды

амырдың 31-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай / - Премьер-Министр Кәрім Мәсімов тиісті мемлекеттік органдарға денсаулық сақтау ісін дамыту бағдарламасын білім беру бағдарламасымен және әлеуметтік қамсыздандыру бағдарламасымен өзара байланыстыру жөнінде тапсырма берді.
None
None

Ол бұл тапсырманы бүгін Астана өткен Денсаулық сақтау ісін дамытудың «Салауатты Қазақстан» атты 2011-2015 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының жобасын талқылауға арналған Үкіметтің кеңейтілген кеңесінде берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, осы үш негізгі бағыттардың өзара іс-әрекетінің арқасында аталмыш салаларда нақты және айқын нәтижелерге қол жеткізуге болады. Бұл ретте Премьер-Министр балалардың 5 жасқа дейінгі кезеңдегі дамуына айырықша назар аудару қажеттігін атап көрсетті. «Әйел адамның босанғанға дейінгі және босанғаннан соң баланың 5 жасқа дейінгі кезеңдегі дамуына айырықша назар аудару қажет. Соңғы ғылыми тұжырымдар бойынша бала таным-түсініктің 80 пайызын 5 жасқа дейінгі кезеңде алады», деді К. Мәсімов.

Осы орайда Премьер-Министр бұл бағыттағы жұмыстарды үйлестіруді орынбасары Ербол Орынбаевқа тапсырды.

Соңғы жаңалықтар