Премьер-Министр Францияда жұмыс сапарымен жүр

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың маусым айында Францияға жасаған ресми сапарының аясында К.Мәсімов ЭЫДҰ Бас хатшысы Анхел Гурриамен кездесіп, Қазақстанның Ұйымға мүше болу ниетін жария еткен еді.
ЭЫДҰ барлық экономикалық мәселелер бойынша, оның ішінде G7 және G20 аясындағы экономикалық мәселелер бойынша көпжақты келіссөздерге арналған ең беделді форумның бірі болып табылады. Бүгінде Ұйымға 34 ел - АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея, Еуроодақ елдері, Канада, т.б. елдер мүше. ЭЫДҰ-на мүше елдер мен Ұйыммен қарқынды ынтымақтастық орнатқан елдер (барлығы 40 мемлекет) әлемдік сауда-саттық пен инвестицияның 80 пайызын қамтып отыр.
2010 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Үкіметінің жанынан ЭЫДҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес құрылды, кеңес аталмыш ұйыммен ынтымақтастықта түрлі жобаларды жүзеге асыруды үйлестірумен айналысады. 2011 жылдың тамыз айында өткенотырыста ҚР Үкіметі бақылаушы ретінде ЭЫДҰ-ның төрт комитетіне қосылудың бағыттарын бекітті.