10:25, 02 Наурыз 2010 | GMT +5
Премьер-Министр К. Мәсімов Ресей Үкіметі төрағасының бірінші орынбасарын қабылдады
АНА. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Үкімет үйінде Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының бірінші орынбасары Игорь Шуваловты қабылдады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кездесуге Қазақстан мен Ресейдің Үкімет мүшелері қатысуда. Жиын барысында Кеден одағы мәселелері қаралуда. «Меніңше, Мемлекет басшыларының деңгейіндегі келісімдер, жалпы айтқанда, орындалуда. Атап айтқанда, Кеден одағы оңынан да және солынан да сынға алынып жатса да, ол жұмыс істейтін болады», деді К. Мәсімов кездесу барысында.