Премьер-Министр «Нұр Отанның» Сайлауалды тұғырнамасындағы әлеуметтік міндеттерге назар аударуды тапсырды
«Бүгін біз сайлауалды тұғырнаманы тыңғылықты талқылып шықтық. Мемлекет басшысының «Нұр Отан» партиясының соңғы съезінде қойған мақсаттарын орындауға жауапкершілікпен қарауымыз керек. Осы орайда бүгінгі отырыста көтерілген мәселелердің барлығы Үкімет мүшелері тарапынан қарастырылуы тиіс. Атап айтқанда біз осы тұғырнамада белгіленген көрсеткіштерді өзектендіруіміз керек», - деді Премьер-Министр. Осы орайда С. Ахметов бүгінгі ахуалға байланысты экономикада өзгерістер болып жатқандығын және бұл үрдіс жалғасатынын атап өтті. «Сондықтан да біз экономикадағы жағдайдың өзгеруін ескере отырып, аталған тұғырнамадағы барлық әлеуметтік міндеттерге назар аударуымыз қажет. Бүгінгі талқылауды ескере келе, орталық жергілікті атқару органдарына Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен келісе отырып бір айлық мерзімде «Нұр Отан» партиясы аппаратына барлық бағаттарды өзектендіру бойынша ұсыныстарды енгізуді тапсырамын, әсіресе әлеуметті салада. Біз оны Үкіметте қарап, партияның аппаратына енгіземіз»,-деді С. Ахметов. Үкімет басшысы партияның сайлауылды тұғырнамасын орындаудың барлық бағыттары бойынша мониторинг жүргізу керектігін қадап айтты. Бұл тұрғыда С. Ахметов тапсырмалар мен қабылданған шешімдерді орындау жұмыстарын бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевқа жүктеді.