Премьер-Министр өлім-жітім көрсеткіші бойынша алдыңғы орындарда тұрған аурулардың түрін емдеуге күш салуды тапсырды

АСТАНА. Қаңтардың 30-ы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевке 2009 жылғы министрлік жұмысында өлім-жітім көрсеткіші бойынша алдыңғы орындарда тұрған аурулардың түріне шалдыққан адамдарды емдеп, олардың санын азайтуға күш салуды тапсырды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қазақстанда өлім-жітім көрсеткіші бойынша жүрек-қан тамырлары аурулары бірінші, зақымданушылық екінші, онкологиялық аурулар үшінші, туберкулез төртінші, ал басқа ауру түрлері бесінші орында тұр. Осы бес аурудан болатын өлім-жітім көрсеткіші жалпы көз жұмғандардың 80 пайызын құрап отыр. Егер біз денсаулықтың қамын ойлайтын болсақ, онда негізгі ресурстар осы аурулар түрін азайтуға бағытталуы тиіс», деді алқада К. Мәсімов. Денсаулық сақтау министрі Ж. Досқалиевтің айтуынша, Қазақстанда 100 мың адамның 500-ден астамы жүрек-қан тамырлары ауруының кесірінен көз жұмады. Басқа елдермен салыстырғанда біздің ел Молдова, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Әзірбайжанан кейінгі 6-ншы орында. Ал, еліміздегі 100 мың адамның 17-ден астамы туберкулездің кесірінен о дүниеге аттанады екен. Бұл бойынша еліміз Қырғызстан, Ресей және Молдовадан кейінгі 4-ші орында тұр.
Соңғы жаңалықтар