Премьер-Министр жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барады

ПЕТРОПАВЛ. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Бүгін Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов келеді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Солтүстік Қазақстан өңіріне жұмыс сапары барысында Үкімет басшысы ұн және макарон өнімдерін шығаратын «Сұлтан ММК» АҚ-да болып, осы ірі кәсіпорында ұйымдастырылған көрмеге қойылған ауыл шаруашылығы өнімдерімен таныспақ. Бұдан кейін Премьер-Министр агроөнеркәсіпті қалыптастыру аясында көктемгі егіс жұмыстары және өңірде аяқталған астық егу жұмыстарының қортындысымен танысу үшін «Абижер» ЖШС-ның егіс алқабына сапар шегеді. Осы жерде К.Мәсімов агроөнеркәсіптік кешенді дамыту туралы кеңейтілген жиын өткізеді. Бұл басқосуға Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының жетекшілері қатысатындығы жоспарланып отыр.
Соңғы жаңалықтар