Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Ө. Шөкеев Шығыс Қазақстанға екікүндік сапармен келді
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аймаққа Ө.Шөкеев бастап барған үкіметтік комиссияның құрамына «Нұр Отан» партиясының хатшысы Сергей Громов, Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко, Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігінің төрағасы Серік Нокин, Парламент Мәжілісінің депутаты Валерий Досқалов, сондай-ақ «Қазына-Самұрық» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарушы директоры Қайрат Әйтекенов пен «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдинг» акционерлік қоғамының басқарушы директоры Жолдымұрат Аманбаев кірді.
Үкімет мүшелері Зайсан ауданында болып, Қаратал, Сартерек, Айнабұлақ, Кеңсай, Қарабұлақ ауылдарындағы, Үйдене бөгеті мен Кендірлік су қоймасындағы және Тасбастау ауылындағы су басу қаупі төніп тұрған учаскелерді аралайды.
Тарбағатай ауданында үкіметтік комиссия Жантікей, Көкжыра, Ақсуат ауылдарындағы жағдаймен танысады.