Премьер-Министрдің орынбасары Серік Ахметов жұмыс бабындағы сапармен Семейде болды

СЕМЕЙ. Мамырдың 30-ы. ҚазАқпарат /Лина Славина/ - Премьер-Министрдің орынбасары Серік Ахметов жұма күні түстен кейін Семейде жұмыс бабындағы сапармен болды.
None
None
Сапар аясында вице-премьер «СемАЗ» зауытында, «Семей инжиниринг» кәсіпорны мен 1-Жылу-электр орталығында болды. Одан кейін С.Ахметов қала активінің жиналысына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Кеңесте Елбасы Н.Назарбаевтың 2005 жылдың маусым айында Шығыс Қазақстан облысына жасаған сапары барысында берген тапсырмасына сәйкес әзірленген «Семей қаласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасының» орындалу мәселелері талқыланды. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың вице-премьерге баян еткеніндей, бағдарламаның негізгі мақсаты - қаланың әрі қарай орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету. Оның аясында өндірістік әлеуетті арттыру, тұрғын үй құрылысын дамыту, инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру, т.б. бағыттар бойынша 72 іс-шараны орындау қарастырылған. Және мұның барлығына 26 миллиард теңге бюджет қаражатын жұмсау жоспарланған, ол соманың 90 пайызы - бюджеттің үлесінде. Бүгінгі күнгі жағдай бойынша, жалпы алғанда қаражаттың 80 пайызына жуығы игеріліп отыр. Ал жоспарланған 72 іс-шараның 51-і орындалды.
Соңғы жаңалықтар
Референдум