Преторияда Қазақстан мен Оңтүстік Африка Республикасы арасындағы екіжақты саяси консультациялар өтеді

АСТАНА. Қыркүйектің 27-сі. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Қыркүйектің 28-30-ы күндері Преторияда Қазақстан мен Оңтүстік Африка Республикасы арасындағы екіжақты саяси консультациялар өтеді.
None
None

Қазақстандық делегацияны Сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Сарыбай бастап барады. Бұл туралы бүгін елордада өткен баспасөз мәслихаты барысында ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов мәлім етті.

Ресми өкілдің атап өтуінше, сапар барасында қазақстандық дипломаттың Оңтүстік Африка Республикасы Үкіметінің жоғары лауазымды тұлғаларымен кездесулері жоспарланып отыр. «Келіссөздердің негізгі тақырыбы екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы ынтымақтастық мәселелері болады», деді ол.

Ә. Әбдірахмановтың атап өтуінше, екі елдің іскер топ өкілдерінің қатысуымен іскерлік кеңес өтпек.

Соңғы жаңалықтар