Президент Әкімшілігінің басшысы Шымкентте БАӘ шейхымен кездесті

ШЫМКЕНТ. 14 қазан. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Кәрім Мәсімов Шымкентте Біріккен Араб Әмірлігінің шейхы Халиф бен Заидпен кездесті.
None
None

Жүздесу Шымкент әуежайында өтті. Тараптар  бірнеше мәселелерді талқылады, сондай-ақ екі елдің арасындағы ынтымақтастықтың даму  болашағы жайлы пікір алмасылды.

Сондай-ақ шейх қорының қолдауымен Оңтүстік Қазақстанда  заманауи периментальдық орталықтың салынғандығы да атап өтілді. Қазір мұнда өңірдің барлық аудандарынан жаңа босанғандар қабылдануда. Аймақта ««Аль Хилял» банкінің өкілдігі  жұмыс істеуде. Бұдан басқа қазіргі уақытта  қор қаржысымен еліміздегі ірі мешіт құрылысы жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар