Президент Ауған мәселесі бойынша Сыртқы істер министрлерінің ІІІ конференциясына қатысады

АСТАНА. 22 сәуір. ҚазАқпарат - Осы аптада Алматы қаласында Ауғанстан бойынша Ыстамбұл үдерісіне қатысушы мемлекеттер Сыртқы істер министрлерінің ІІІ конференциясы өтеді.
None
None

Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

«Президенттің баспасөз қызметі хабарлағанындай, 26 сәуір күні басталатын Ауғанстан жөніндегі Ыстамбұл үдерісіне қатысушы мемлекеттер Сыртқы істер министрлерінің ІІІ конференциясына ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, сөз сөйлейді»,-деп атап көрсетті А. Әбибуллаев.

Оның хабарлауынша, конференция жұмысына 14 қатысушы және 17 қолдаушы мемлекеттер, сондай-ақ 11 халықаралық ұйымның өкілдері шақырылып отыр.

Соңғы жаңалықтар