Президент айқындаған реформаларды тиімді жүзеге асырудағы басты шарттардың бірі - этникаралық қатынастарды нығайту - Мемлекеттік хатшы

АСТАНА. 23 сәуір. ҚазАқпарат - Президент айқындаған реформаларды тиімді жүзеге асырудағы басты шарттардың бірі - этникаралық қатынастарды нығайту. Бүгін Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-сессиясы қарсаңында өткен Ассамблея Кеңесінің кеңейтілген отырысы барысында ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин осылай мәлім етті.
None
None

Еске салсақ, Ассамблея кеңесінде Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын жүзеге асыру мәселелері талқыланған болатын.

«Ертең Ассамблеяның сессиясы «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық - бір ел - бір тағдыр» тақырыбындағы күн тәртібімен өтетін болады. Бұл сессия Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы жарияланғаннан кейінгі тұңғыш рет өткізілгелі отырған жалпыұлттық саяси шара. Мерейтойлық сессия сонысымен де ерекшеленеді. Ал Елбасы Жолдауында басты әлемдік, өңірлік, ұлттық үдерістер терең сараланып, еліміздің алдағы 30 жылдығына болжамдар жасалып, біздің еліміздің стратегиялық даму мәселесі жаңа қырынан талданады», - деп атап өтті М. Тәжин.

Оның айтуынша, Президент айқындаған реформаларды тиімді жүзеге асырудағы басты шарттардың бірі - этникаралық қатынастарды нығайту. «Бұл Қазақстан халқы Ассамблеясының оған қарасты органдар мен азаматтық қоғам институттарының басты міндеті. Сондықтан да, Қазақстан халқы Ассамблеясы өз дамуының жаңа кезеңінде алдына қойылған жаңа міндеттерді тиімді шешуі керек.», - деді М. Тәжин.

Соңғы жаңалықтар