19:08, 17 Сәуір 2011 | GMT +5
Президент бірінші сыныптан бастап ағылшын тілі пәнін енгізуді тапсырды
АСТАНА. 17 сәуір. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін Үкіметте өткен кеңесте Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев білім саласына қатысты мәселелерге тоқтала келе, елімізде бірінші сыныптан бастап ағылшын тілі пәнін енгізуді тапсырды.
«Осы бағытта Үкіметке 2016 жылға дейін үштілді оқытуды енгізуді тапсырамын. Ағылшын тілін білу, бұл - сұраныс. Әйтпесе, әлемдік инвестициямен, әлемдік технологиямен, әлемдік инновациямен қалай жұмыс істейміз. Онымен кім жұмыс істейді? Әрине, онымен тек солардың тілін білетін маман ғана жұмыс істейді. Сонда ғана бізді әлем мойындайды», - деді Елбасы. Сонымен қатар, Президент дарынды балаларды оқытуды дамытатын желінің қалыптасқанын айтып, бұндай тәжірибені жалпылама енгізу қажеттігін жеткізді.