Президент біздің еліміздің халқын жұдырықтай жұмылдыра білді - Б.Сапарбаев (ФОТО)

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде «Қоныс» спорт сарайында «Менің Отаным! Менің Қазақстаным» атты мерекелік шара өтті. Оған ардагерлер, қала жастары, этномәдени бірлестік өкілдері, жұмыскерлер қатысты.
None
None

Өңір тұрғындары мен барша жиналғандарды облыс басшысы Бердібек Сапарбаев құттықтады.

«Тәуелсіздіктің 24 жылында жеткен барлық жетістіктеріміз бен бағындарған белестеріміз Тұңғыш Президент есімімен байланысты. Бұл күн бірлік пен татулықтың, Қазақстан халқының Көшбасшымыз Нұрсұлтан Назарбаевқа деген зор құрметінің символы болып табылады. Президентіміз өзінің салиқалы, бейбітшіл саясатының арқасында ел халқын жұдырықтай жұмылдыра білді», - деді өңір басшысы.

Мерекелік шара 5 бөлімнен тұрды.

Сондай-ақ, бұл күні облыс орталығында келе жатқан Жаңа жылға байланысты тағы бір шара өтті. Өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен облыстық әкімдіктің алдында қала шыршасының шырағы жағылды.

ҚР Тұңғыш Президенті күніне орайластырылған мерекелік шаралар облыстың барлық елді мекендерінде өтті.

Соңғы жаңалықтар