13:23, 04 Шілде 2013 | GMT +5
Президент Қазақстан - Қытай газ құбырын салу мен пайдалануға қатысты заңға қол қойды
АСТАНА. 4 шілде. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «2007 жылғы 18 тамыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан - Қытай газ құбырын салу мен пайдаланудағы ынтымақтастық туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарланды.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.