20:46, 01 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Президент күні қарсаңында Батыс Қазақстандағы балалар үйлерінде қайырымдылық шаралары ұйымдастырылды
ОРАЛ. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысындағы барлық балалар үйлерінде Президент күні қарсаңында «Ризашылық - балаларға қайырымдылық жасайық» атты қайырымдылық мерекесі ұйымдастырылды.

Бұл мереке 2009 жылдан бері Сара Назарбаеваның бастамасымен балалар үйлерінде дәстүрге айналды.
Облыстық балалар үйіндегі осындай мейрамға облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлеймен қатысып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тарапынан балалардың жақсы оқып, алаңсыз өсуі үшін барлық жағдайдың жасалып отырғанын атап өтті.
«Бөбек» қорының атынан балаларға сыйлықтар тапсырылды. Мұндай шарадан мемлекеттік қызметшілер, білім беру ұйымдары, кәсіпкерлер де тыс қалған жоқ.
Облыстық балалар үйінің директоры Раиса Наурызова қолұшын созғандардың бәріне алғысын білдірді.