Президент күніне орай «Қазақстан алюминийі» АҚ түсірген бейнебаянның тұсауы кесілді
- Біз де кәсіпорынның барлық жұмысшылары тәрізді Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевты мақтан тұтамыз. Елбасы металлург мамандығының қиын әрі жауапты іс екенін жақсы біледі. Біз тұрақтылық пен еліміздің өркендеп, даму саясатын қолдаймыз. Осының барлығын өз әнімізде көрсетуге тырыстық, - дейді Владимир Беликов. Музыкалық туындының сөзін құрастырған өлшеу техникасы және автоматиканың орталық зертханасының темір ұстасы Сергей Василенко мен электргазбен дәнекерлеуші Владимир Беликов бұған дейін әртүрлі тақырыпта рэп оқыған. Олар өз әнінде Отанымыздың тарихы мен Павлодар өңірі жөнінде айтып, Елбасына денсаулық, ал мемлекетімізге береке-бірлік тілейді. Сонымен қатар шығарма мазмұнында зауыт қызметкерлерінің еңбегі қамтылған. Василий мен Сергей бейнебаянды өз күштерімен түсіріп, монтажын да өздері жасаған. Бұл іске барлығы 60-қа жуық адам қатысқан. - Біздің Президентіміз басқарып отырған Қазақстан Республикасы - саяси жүйесі тұрақты және экономикасы дамыған ел. Тұңғыш Президент күні мерекесін тойлай отыра, көшбасшымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздің қалыптасып, даму жолында атқарған тарихи еңбегін бағалай білетінімізді көрсетеміз, - дейді «Қазақстан алюминийі» АҚ президенті Арман Есенжолов.