Президент Н.Назарбаев: Жастардың бастамаларын бұдан әрі де қолдай бермекпін

АСТАНА. 16 қараша. ҚазАқпарат - Сендердің тың бастамаларыңды мен әр уақытта қолдап келемін, қолдай да бермекпін.
None
None

Бүгін Астанада өтіп жатқан «Жас Отан» жастар қанатының ІІ съезі барысында сөз сөйлеген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.

«Бүгінгі жиналыста 7500-ден астам жастар отыр. Менің білуімше, бүкіл Қазақстанның халқы мен жастары қазір назарын осы залға аударуда. Соған орай, осы жастар жиынында айтылған сөздер, жалынды мәселелер мен секілді үлкен буынның өкілдеріне жастығымызды еске түсіріп, өмірге де, еңбекке де үлкен шабыт сыйлайды. Сіздердің энергияларыңыз елге керек, болашаққа керек. Сондықтан да баршаларыңызды «Жас Отанның» ІІ съезінің ашылуымен құттықтаймын», - деді Н. Назарбаев жиынды аша келе.

Сонымен қатар, Елбасы сөз сөйлеген жастардың жалынды сөз бен жасампаз істің иесі екенін танытқанын айтты. «Сендер жаңа ғана күллі Қазақстанның атынан көшелі ой мен өрелі пікір айттыңыздар. Сендердің тың бастамаларыңды мен әр уақытта қолдап келемін, қолдай да бермекпін», - деді Н. Назарбаев.  

 

Соңғы жаңалықтар