17:41, 21 Сәуір 2011 | GMT +5
Президент Н.Назарбаевпен болған кездесу барысында экономикалық ынтымақтастық туралы ашық әңгіме болды - «Эсти энергия» компаниясының басшысы С. Лииве
ТАЛЛИНН. 21 сәуір. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Қазақстан Президенті Н.Назарбаевпен болған кездесу барысында экономикалық ынтымақтастық туралы ашық әрі толыққанды әңгіме болды.
Бұл туралы Мемлекет басшысының Эстония Республикасына жасаған мемлекеттік сапары аясында «Виктория-2» паромында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен болған кездесуден кейін «Эсти энергия» компаниясының басшысы Сандор Лииве мәлім етті.
Оның айтуынша, кездесу ашық әрі түсіністік жағдайында өтті. С.Лииве сондай-ақ Қазақстан Президенті өз елінің экономикасын егжей-тегжейлі білетіндігін атап өтті.