Президент Н.Назарбаевтың бастамалары әрқашан да өзекті, әрі әлемдік деңгейде - Түркия СІМ басшысы

АСТАНА. ҚазАқпарат - 25 қарашада Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Жансейт Түймебаев Түркия Сыртқы істер министрі Мевлют Чауышоғлымен кездесті, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметінен.
None
None

Кездесу барысында екіжақты қарым-қатынастардағы көптеген мәселелер бойынша пікір алмасылды, оның ішінде саяси диалогтың ахуалы мен болашағы, сауда-экономикалық, инвестициялық, әскери-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық, парламенттерарасы байланыстар және қауіпсіздік саласындағы ықпалдасу мәселелері.

Елші Ж.Түймебаев Түркия СІМ басшысын ҚР-ның 2017-2018 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне қолдау көрсеткені және де басқа ҚР сыртқы саяси бастамаларына қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдірді. Елші сұхбаттасын еліміздің басты жетістіктерінен және қазақ-түрік ынтымақтастығының даму барысынан хабардар етіп, Елбасының «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауының негізгі тармақтарымен таныстырып, оның түрік тіліндегі нұсқасын табыстады.

Өз кезегінде М.Чауышоғлы Қазақстанның өңірдегі көшбасшы рөлін атап өтіп, оның Президент Н.Назарбаевтың жүргізген салиқалы сыртқы саясатының арқасында екендігіне назар аударды. Сұхбат барысында Қазақстанның Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» дүниежүзілік көрмесіне дайындығы туралы мәселе қозғалды. Түрік тарапы аталған іс-шараға қатысуға және оның өткізілуіне жан-жақты жәрдем көрсетуге әзірлігін білдірді.

М.Чауышоғлы ҚР Президенті Жолдауының тармақтарын жоғары бағалай отырып, жақын болашақта әлем архитектурасының өзгеретініне мән беріп, бұл кезеңнен барлық мемлекеттің өте алатынына күмәнінің бар екендігін мәлімдеді.

«Қазақстан «Нұрлы жол» жаңа экономикалық бағдарламасының арқасында дағдарыстан кешіп өткен аз ғана күшті мемлекеттердің арасында бола алады. Қазіргі тұрақсыз заманда, ірі алпауыттардың тағдырлардың тоғысқан жерінде тұрғаны кезінде, ҚР Президенті Н.Назарбаев ерекше іс-әрекеттер жоспарын ұсынды», - деді М.Чауышоғлы мәлімдеді. «Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың бастамалары әрқашан да өзекті, әрі әлемдік деңгейде ғаламды», - деді Түркияның Сыртқы саяси ведомствосының басшысы. Тараптар ынтымақтастықтың экономикалық бағдарына да көңіл бөлді, және 2012-2015 жылдарға арналған «Жаңа синергия» бірлескен экономикалық бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын егжей-тегжейлі талқылады. Кездесу соңцында М.Чауышоғлы Қазақстан халқы мен басшылығын келе жатқан ҚР-ның Тұңғыш Президенті күнімен және Қазақстанның Тәуелсіздігі күнімен құттықтады. Ж.Түймебаев түрік сыртқы саяси ведомствосының басшысына Елшіліктің күшімен түрік тілінде басылып шығарылған ҚР Президенті Н.Назарбаевтың таңдаулы шығармаларының бестомдығын, «Қазақстан-Түркия: достық пен ынтымақтастықтың 20 жылы», «Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев - әлемдік деңгейдегі көшбасшы» кітаптарын табыс етті.

Соңғы жаңалықтар