15:17, 21 Сәуір 2011 | GMT +5
Президент Нұрсұлтан Назарбаев эстондық компаниялардың басшыларымен кездесуде
ТАЛЛИНН. 21 сәуір. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - «Виктория-1» паромында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың эстондық ірі компаниялардың басшыларымен кездесуі өтіп жатыр.
Оған сонымен қатар ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов, ҚР Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев, «Атамекен» Одағы» ҰЭП төрағасы Азат Перуашев, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қ.Көшербаев және өзге де лауазымды тұлғалар қатысуда.