Президент Үкімет пен әкімдіктерге барлық ауыл шаруашылығы жерлері қорына тексеру жүргізуді тапсырды

АСТАНА. 17 сәуір. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Үкіметінің кеңейтілген мәжілісінде сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев атқарушы билік пен жергілікті әкімдерге барлық ауыл шаруашылығындағы жер қорына тексеру жүргізуді тапсырды.
None
None

«Жерді және жер қойнауын тиімді пайдалану, оған инвестиция тартып, кәсіпкерлікті дамыту үшін Үкімет пен әкімдіктер барлық ауыл шаруашылығы жерлері қорына тексеру жүргізуі тиіс. Жермен тек оған маманданған білікті адамдар ғана шаруашылық жүргізумен айналысуы тиіс. Бұл ретте Премьердің бірінші орынбасары Ө.Шөкеевке ағымдағы жыл соңына дейін қажетті шараларды атқаруды жүктеймін. Жалпы біз жермен қалай болса, солай жұмыс істеп келеміз. Агенттіктің немен айналысатыны, бұнда не болып жатқандығы түсініксіз. Сондықтан нақты қадамдар қажет», - деді Н.Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар