17:41, 17 Сәуір 2011 | GMT +5
Президент Үкіметке барлық ірі қалалармен жеті сағаттық ұшу шегінде авиақатынастар ашу мәселесін қарастыруды жүктеді
АСТАНА. 17 сәуір. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Үкіметінің кеңейтілген мәжілісінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке барлық ірі қалалармен жеті сағаттық ұшу шегіндегі авиқатынастар ашу мәселелерін қарастыруды жүктеді.
«Бұл ретте Үкімет ұлттық авиатасымалдаушы компанияны заманауи әуе лайнерлерімен толықтырып, азаматтық авиация істерінде бәскелестікті дамытуы қажет», - деді Н.Назарбаев.
Сонымен қатар Президент өз сөзінде «инвесторлар үшін күресте телекоммуникациялық жүйе алдыңғы қатарда болуы шарт» екендігін атап өтті.
«Бұл ретте осы салаға ең соңғы заманауи стандарттар енгізіліп, қызмет көрсетудің тарифтері, интернет жылдамдығы әлемдегі деңгей бойынша бәсекеге қабілетті әрі қолжетімді болуы қажет. Бұл міндеттерді Байланыс және ақпарат министрлігіне жүктеймін», - деді Н.Назарбаев.