19:02, 28 Желтоқсан 2011 | GMT +5
Президент жарлықтарымен Сауд Арабиясында және Египетте ҚР жаңа елшілері тағайындалды
АСТАНА. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат - Елбасының жарлықтарымен Қазақстан Республикасының бірқатар елшілері тағайындалды.
ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Бахтияр Сардарбекұлы Тасымов Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Египет Араб РеспубликасындағыТөтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Сирия Араб Республикасындағы, Марокко Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарудан босатылды;
Берік Сақбайұлы Арын Қазақстан Республикасының Египет Араб РеспубликасындағыТөтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.