16:31, 01 Сәуір 2010 | GMT +5
Президенттік мәдениет орталығы «Шығыс Қазақстанға көмек» гуманитарлық акциясын ұйымдастырады
АСТАНА. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат - Ертең, сәуірдің 2-сі күні Қазақстан Республикасының Президенттік мәдениет орталығы табиғат апатынан зардап шеккен отандастарымызға көмек көрсету мақсатында «Шығыс Қазақстанға көмек» гуманитарлық акциясын ұйымдастырады.
Бұл ақпаратты аталған орталықтың баспасөз қызметі таратты.
«Табиғат апатынан зардап шеккен Шығыс Қазақстан облысындағы отандастарымызға көмек көрсету мақсатында ҚР Президенттік мәдениет орталығының ұжымы 1 және 5 күндік аралығындағы жалақысын қолма-қол жинап, көмекке зәру тұрғындарға жіберуді көздеп отыр. Қаржылай көмекпен қатар қажетті жылы киім-кешек те жиналу үстінде. Барлық қазақстандықтарды қиын жағдайда қалған Абай мен Шәкәрім еліне көмек қолын созуға үндейміз», делінген баспасөз баянында.